Елбасымыздың Шымкент қаласын үш үлкен ірі қаланың қатарына қосу жолындағы еңбегінің арқасында қаламызда имандылық үйлерінің қатары көбеюде. Қазіргі кезде қала аумағында халыққа қызмет ететін мешіттердің қатары жүзге жетті.
Осы орайда ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев қала аумағына өткен барлық мешіттерді аралап, жай-күйімен танысуды және жіті қадағалап тұруды тапсырған болатын. Тапсырмағасәйкес қала имамы Бақдаулет Абдрахманов қала аумағына жаңадан кірген мешіттерді аралауда. Бас имам жаңадан қосылған мешіт имамының іс-әрекетіне, кері ағымдармен жүргізіп отырған күрес шарасына, діни сауат ашу мен тазалығына аса мән берді.
Сонымен қатар қалада өтетін апталық және айлық діни дәріс семинарға мешіттің бас имамдарының түгел қатысуын қатаң тапсырды.
Шымкент қаласы
А.Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2014
3486
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру