Семей қаласындағы Достық үйінде Семей қалалық ішкі саясат бөлімі, Жастар орталығы және «Жанұя» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Бұл акция еліміз бойынша 1 тамыздан бастап қарқынды жүргізілуде. Шараны өткізудегі басты мақсаттардың бірі - жетім балаларға, ата-ана қамқорынсыз қалғандар мен күн көрісі төмен отбасылар балаларына әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көсету болып табылады. Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына даярлықпен барады. Бұл жолғы шара да осыны мақсат тұтты. Достық үйіне қайырымдылық жасаушы мекеме өкілдері мен аз қамтылған отбасылардың балалары жиналған болатын.
Жиынды ашқан қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңес төрайымы Жанна Жибраева ашты. Аталмыш шараның мақсатымен таныстырып өткен ол осыдан кейінгі кезекті қатысушыларға берді. Алғашқы болып сөз алған ҚМДБ Семей орталық мешітінің наиб имамы Серікқали Бейсенұлы осынау игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін айтып өтті. Оның сөзін жалғастырған қаламыздағы Тас мешіттің имамы Нұрбек Салимов жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде де айналасына қамқор көзбен қарап, мейірімді болып өсетінін тілге тиек етті.
Дін қызметкерлері арнайы әкелген заттарын балаларға тарту етті. Қаламыздағы мешіттер бұл акциядан тыс қалған емес. Бұл жолы да әр мешіттің ат салысуымен заттай сыйлықтар тарту етілді. Оқушыларға арналған мектеп формасы, сөмкелер, оқу құралдары, киім-кешектер және ақшалай да табыс етілді. Мұның барлығы аз қамтылған отбасы балалары үшін үлкен көмек, елеулі демеушілік екендігі белгілі. Балалардың қуаныштарын бал-бұл жанған жүздерінен анық аңғаруға болады.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2014
3151
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру