ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасымен А.Қаттани мешітінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 200-ден аса бала сүндетке отырғызылды.
Іс-шара қайырымдылық акциясы негізінде өткізілді. Қайырымдылық шарасы биылғы жылы "Қожан ата", "Әл-Мүслим", және "Байғұт баба" мешіттерінде көрініс тапты.
«Бұл мешітте жылда 16-25 баланың шамасында сүндеттеледі. Бұл дәстүр тұрақты түрде жылда жалғасады. Мешіт жамағаты алдын ала жүргізілген хабарлама бойынша балаларын алып келеді. Бұл істі атқаратын арнайы маман дәрігеріміз бар», – дейді «Байғұт баба» мешітінің имамы Самат Сапарханұлы.
Сүндетке отырғызатын дәрігер Мұрат Сексенбаев бұл мамандықты Түркияда арнайы оқып, үйренгенін айтады.
Аталмыш мешітте балаларын «сұлулатқан» ата-аналар дән ризашылығын білдіруде.
«Өзім осы мешіттің намазханымын. Арнайы дәрігердің баламызды «сұлулап» бергеніне қуанып тұрмын», - дейді, мешіт жамағатының бірі Сапар Төреқұлов.
Шымкент қаласы А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.08.2014
3697
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру