Тамыз айының 22-сі қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектепте «Мектепке жол» атты республикалық акция аясында қалалық орталық мешіттің ұйымдастыруымен мектеп жасындағы жас бүлдіршіндерге оқу құралдары сыйлыққа берілді.
Бұл қайырымдылық акциясы отбасылық жағдайы төмен балаларға арналып жылына 2 рет ұйымдастырылады. Аталмыш шарада 30-ға жуық мектеп оқушыларына оқу құралдары мен мектеп жабдықтары сый етілді. Игі іске Қалалық орталық мешіттің бас имамы Бақытбек Тәжімбет, №39 мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Индира Базаралықызы және ата-аналар қатысты. Жиынды Индира Базаралы ашып, игі іске мұрындық болған орталық мешіт ұжымына алғысын білдірді. Бас имам өз кезегінде қайырымдылық шарасына жиналған қалың көпшілікке қайырымдылықтың қасиеті жайлы сөз қозғап, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасып тұратындығын жеткізді. Оқушылар және ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне қуаныштарын білдіріп, ризашылықтарын айтты. Жақсылыққа, мейірімділікке шақыратын аталмыш жиын Бас имамның батасымен қорытыланды.
Облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.08.2014
3950
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру