ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев Оңтүстік өңірінде ақпараттық-насихаттық топтың ретімен әрі тұрақты түрде жүргізілуін жолға қойған. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарына, түзеу мекемелеріне, жоғары және орта арнаулы оқу орындарына, мешіттер мен медреселерге, имамдардың білімін жетілдіру курстарына арнайы бөлінген мешіт имамдары уағыз-дәрістер жүргізуде.
Аталмыш бағыт бойынша А.Қаттани мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахманов және білімді имамдардан құралған топ қасиетті жұма күндері қаланың бірнеше мешіттерінде уағыз-насихат жүргізіп, соңынан жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға ауқымды көлемде жауап беріп өтті. Қойылған сұрақтардың негізгі бағыты дін мен дәстүр, мазхабтар тармағы, ел бірлігі төңірегінде өрбіді.
А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2014
3392
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру