Алматы қаласындағы «Фэмили» саябағында Әуезов ауданының Ақсай және Таугүл мешіттері республика бойынша өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Атап айтқанда, аудандағы аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы балалары және жетім 170 оқушыға мектеп формасы табысталды. Оның ішінде 141 оқушының формасын «Ақсай» мешіті табыстаса, 29 оқушыға «Таугүл-3» мешіті табыстады.
Шараға ата-аналар, ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты. Балаларға арнап концерттік бағдарлама қойылды.
Игі шараны Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Сайфиденов Сайран Тәпенұлы сөз алып, ашып берді. Одан кейін сөзге шыққан «Ақсай» мешітінің бас имамы Кутышев Сейітбек балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мұндай сауапты істің қоғамдағы маңыздылығын айтты. Сонымен қатар мешіттеріміздің осы сияқты ізгі шараларға әрқашанда бастамашыл болып жүргенін, мұндай сауапты шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2014
3604
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру