Павлодар облысы әкімінің тікелей қолдауымен орталық бас мешіт ғимаратына халыққа есігін айқара ашқанына 14 жыл өткен соң алғаш рет күрделі жөндеу жұмысы жүргізіле бастады. Сондықтан да тамыз айының 22-і, қасиетті жұма күні облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің екі мыңға жуық жамағаты ашық аспан астында жұма намазын оқыды.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Бас имамы Н.Исенов: «Мешіт ғимаратына толығымен күрделі жөндеу жұмысын жүргізетін құрылыс компаниялары уақытылы әрі бірқалыпты жұмысын атқарар болса, бұл жөндеу жұмысының нәтижесі Алла қаласа, алдағы Құрбан Айт мерекесі қарсаңында төбе көрсетіп қалады. Мешітімізге осылайша толықтай күрделі жөндеу жүріле бастауы мешіт жамағатының және барлық халықтың көңілінен шығып, олар ыстық лебіздерін, жарқын көңіл-күймен ықыластарын білдіруде. Мешіттің тұрақты жамағаттары, аталар мен апалар, сонымен қатар мешіт намазхандарының көпшілігін құраушы дінсүйер жастар қауымы бұл іске қолдау көрсетіп жатқан облыс әкіміне біз арқылы ризашылықтарын жеткізуді тапсырған еді», – дейді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2014
3624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру