Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа наиб имам тікелей эфирдің қонағы болды

22.08.2014 3316 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне кіріскен Қайырбек Отызбаев тамыздың 21-күні «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасына арнайы келіп, жұмалық «Иман нұры» бағдарламасында қонақта болды. Тікелей эфирде жүргізілген бағдарлама барысында наиб имам Қ.Отызбаев «Иман – ұяттың қабы» тақырыбына тоқталды.

Елу минутқа жалғасқан бағдарламада ұяттың асыл дінімізде алар орны барынша қамтылды. Атап айтқанда, ұят деген сонау алғаш адам жаратылғаннан бар ұғым дей аламыз ба? Ұялудың пайғамбар өмірінде көрінісі қалай болды? Саңлақ сахабалар ұятқа қаншалықты көңіл бөлді? Қазақ халқы ұятты қалай қабылдаған? Шариғат ұятты топқа бөліп қарастыра ма? – деген секілді сауалдарға тұщымды жауаптар берілді.

Тікелей эфир барысында Атырау өңірінен өзге аймақтардан да қоңырау шалынып, бағдарлама қонағына сауалдар жолданды. Осылайша көрермендер де өз белсенділіктерін көрсетті. Тіпті, Атырау облысында діни ахуалдың соңғы уақыттары түзеліп келе жатқанына тоқталған көрерменнің бірі ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлына және Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Керімбекұлына алғысын жеткізді.

Иә, «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасы көрермендердің көзайымына айналды деуге негіз бар. Аталмыш бағдарлама арқылы имамдарымызбен қатар білікті теолог мамандарымыз да халыққа дініміздің асыл құндылықтарын насихаттап, дәстүрлі емес түрлі ағымдардан абай болуға, береке-бірлікке бекем болуға үндеп келеді.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру