Қарағанды орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ақ бота» даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығында "Мектепке жол" акциясын өткізді.
«Ақ бота» даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығының құрылғанына көп болмаса да онда атқарылып жатқан жұмыстар Аллаға шүкір баршылық. Бұл орталықта бес жастағы баладан жиырма төрт жасқа дейінгі жасөспірімдер оқытылуда. Әр баланы үлкен жауапкершлікпен қарайтын білікті мамандар балалардың ой-санасын жетілдіруге, сезім жүйелерін дұрыс қалыптасуына, дене бітімін дамытуға барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оқытуда. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар да атқарылып келеді. Соның бірегейі жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы жыл сайын тұрақты түрде өткізілуде. Биылда бұл акция ұйымдастырылып, Қарағанды орталық мешітінің өкіл имамының уақытша міндетін атқарушы Дархан Асылтайұлы балалардың риясыз көңілдерін, шаттыққа бөленген жүздерін көріп қайтты. Орталық мешіт атынан мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа сөмкелерін, дәптерлерін, қаламсаптарын тағы басқа оқуға қажетті деген құрал-жабдықтарын табыстады. Дархан Асылтайұлы он бір қыз балаға, он алты ер балаға сыйлықтарын үлестіре келе, мейрімді Алла Тағаладан әр баланың денсаулығына шипа беруін тілеп, үлкен азамат болыңдар! деген ниетін жеткізді.
Қарағанды орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.08.2014
3372
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру