Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Халифат құрамыз" деп ұрандаған топ құрықталды

22.08.2014 3109 0 пікір

Павлодар қаласының төрт тұрғыны Қазақстанда халифат құруға шақырып жүрген жерінен құрықталды. Бұл туралы «Время» газеті «Больше четырёх не собираться» деген тақырыппен шыққан мақаласында жазады.

Павлодар облыстық ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы операция барысында 1994, 1989, 1980 және 1968 жылдары туылған төрт азаматтың ұсталғанын жария еткен болатын. Кейінірек №2 қалалық сот оларды екі айға қамауға алуға санкция берген.

Ұсталғандар өздерін салафиттерміз деп атаған. Бұл өңірдегі биылғы жылға екінші рет болып отырған жағдай. Наурыз айында Екібастұз қаласының төрт азаматына ланкестік әрекеттерін Сирияда насихаттағандары үшін жаза тағайындалған болатын. 

E-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру