Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

21.08.2014 3307 0 пікір

Бүгін Маңғыстау облыстық мешітінде  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Арнайы шараға көп балалы жанұялар мен мүжәлсіз отбасылардың балалары ата-аналарымен бірге келді.  Өкіл имам С.Сейтбеков балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алу - мұсылманның ең үлкен міндеті екенін айтты. Осы орайда мешіт тарапынан ұйымдастырылып жатқан мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Бұл шараға Ақтау қалалық мешіті мен Мұнайлы аудандық мешіті де ат салысты.  Мешіт имамдарының ұйытқы болуымен атқарылған  қайырымдылық шарасында  барлығы 76 мектеп оқушыларына оқу құралдары салынған оқушы сөмкесі таратылды.

Шара соңында ата-аналар мешіт имамдарына алғыстарын айтып,  мешіт тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге ризашылықтарын жеткізді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру