Өскемен өңіріне қарасты қала және аудан имамдары облыстық орталық мешітте бас имам Нұрлан қажы Байжігітұлының шақыртуымен кезекті рет бас қосты.
Басқосу барысында өткен Рамазан айындағы атқарылған шаралардың барысы тыңдалып, алдағы жоспарлар пысықталды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, барлық мешіттерде Рамазан айы бойына ауызашарлар беріліп, жұртшылықпен маңызды кездесулер өткізілгендігі және қайырымдылық акциялары ұйымдастырылғандығы күн тақырыбындағы негізгі мәселеге арқау болды.
Бас имам Нұрлан қажы жиналысқа келген аудан имамдарына: Облыстық орталық мешіттің жеті жүз кісілік асханасында осымен екінші жыл Рамазан айы бойы күніне бес-алты жүз кісіге ауызашар берілгендігін, ал қасиетті Қадір кешінде бес мың адамға ауызашар және сәресі берілгендігін айтып жеткізді. Бұл ретте осындай игілікті шаруаға қолдау көрсетіп қана қоймай, өздері де дүйім жұртқа ауызашар берген облыс басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев пен Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжановқа және сауабынан зор үміт етіп ауызаштыруға ниет білдірген кәсіпкерлер мен жекелеген азаматтардың атына алғыс айтылып, Алла Тағаладан екі дүниенің жақсылығын тілеп, бата жасалды.
Қала және аудан имамдарының есебін тыңдап болған Нұрлан қажы Байжігітұлы іс-әрекеттерінен салбырлық байқалған жекелеген имамдарға қатаң түрде сын-ескертпелер жасай отырып, сауапқа жетелейтін қайырымдылық шаралар Рамазан айында ғана емес, жыл он екі ай бойына жасалуы керектігін жеткізді. Бұған қоса, имамдардан жастар арасында уағыз-насихат жұмыстарын бір сәтке де босаңсытпау, мешіттер жанындағы сауат ашу сыныптарының жұмыстарын жандандыра түсу, бос уақытта өздерінің де білімі мен біліктілігін үнемі ұштап отыруы талап етілді.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі
бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.08.2014
3433
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру