Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімшілігі аппаратында дін мамндарының қатысуымен «Тура жолдан адаспаудың тиімді амалы бір мазхаб ұстану» атты шара өтті.
Жиынның мақсаты – араб елдерінде оқып келген, әлі оқып жүрген жастарға және олардың ата-аналарына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
«Ата-бабамыз әуел бастан-ақ, Ханафи мазхабын, ақида сенімі бойынша Матуриди бағытын ұстанған», – дейді А. Қаттани мешітінің найб-имамы Садиев Амантай.
Бұл нақты, айнымас ақиқат жол еді. Ал, сыртта оқып келгендер өз беттерінше пәтуа шығаруға құмар. Мәселен, араб елдерінде, бір тақырып бойынша шығарылған пәтуа, Мысырда бөлек, Мәдинада бөлек қабылдануы мүмкін. Өйткені, пәтуа шығару үшін тұрғылықты жерді алты ай мекендеп, сол жердің әдет-ғұрпын, дәстүрін, ұлттық ерекшелігін түсініп, меңгере білу қажет. Ал қазіргі «ғалымдар» алты ай тұрмақ, алты күн мекендемей жатып, пәтуа айтуға құмар. Бұл жағдайдың ушығуына, мәселенің қиындауына, ел арасында бүлік шығуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан шетелде оқыған, оқып жүрген жастарды тура бағытқа тарту үлкен жұмыс болмақ.
А. Қаттани мешітінің ұстазы Данабек Әліпбайұлы ізденген жанға білім өз елімізден-ақ табылатынын айтады.
Біздің кезімізде Әл-Азхар университетіне тікелей түсетін мүмкіндік болмағандықтан, оның сауат ашу курсын, колледжін, институтын оқып барып, университетіне түстік. Қазіргі жастарға, алысқа бармай-ақ, өз елімізде терең білім алуға мүмкіндік туып отыр. Мен жоғарыда айтып өткен сатылар өз елімізде де табылады. Мәселен, Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы бар. Шетелде оқытылатын білімнің бастауын осы жерден-ақ алуға болатынын жеткізді.
Шараның соңында дін мамандарына қойылған өзекті сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.
А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.08.2014
4121
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру