Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Шымкент» медресесіне шәкірттер қабылданды

20.08.2014 4301 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан Шымкент медресесі 18-тамыз күні ерлер бөліміне, 19-тамыз қыздар бөліміне қабылдау емтиханы болып өтті.

Оған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына орай,  ҚМДБ-ның келесі құрамдағы комиссиясы қатысты. Олар:

Б.Бейсенбаев – ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасы,

С.Шоханов – ҚМДБ-ның Пәтуа бөлімінің орынбасары, комиссия мүшесі,

М.Жаппасбаев – ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің референті, комиссия мүшесі.

Емтиханның бір ерекшелігі, талапкерлер әуелі қазақ тілі мен қазақстан тарихынан тест тапсырды. Тесттен өткендер әңгімелесу емтиханына жолданды.

Жалпы,  медресенің ерлер бөліміне 47 талапкер құжат тапсырды. Оның  44-і медресеге І курсқа оқуға қабылданды.

Ал, медресенің қыздар бөліміне 46 талапкер құжат тапсырды. Оның 41-і медресеге І курсқа оқуға қабылданды.

Қабылданған қыз балалар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бекітіп берген оқулықтар мен оқу жоспары арқылы оқытылады. Сонымен қатар қосымша тігіншілік пен аспазшылық курстанынан да өтенін болады.

Жас шәкірттерге сәттілік тілеміз.

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру