Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа мешіт жанына ағаш отырғызылды

20.08.2014 3403 0 пікір

Жақсы істе жарысқан жамағат Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа мешіт ауласына ағаш отырғызды.

Облыс имамы жұма намазында арнайы хабарлап, жамағатқа жария еткеннен кейін сауапты іске асыққандар жаңа мешіт айналасына 100 түп қарағай ағашын отырғызды.

Мешіт салып, оған үлес қосқан адамға жұмақта да сарай салынатынын білетін мүміндер жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысына өз қал-қадірінше үлес қосып жүргені жақсылықтың нышаны. Бұл ретте «КЗВС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Талғат Тоқмұрзин ағаш көшеттерін тегін беріп, демеушілік көрсетті. Ал, мешіт құрылысы басталғалы оның басы-қасында жүрген қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Шамұрат Сәдуақасов та өзінің міндетіне адал қарап, құрылыстың сапалы жүргізілуіне атсалысуда.

Біз осы адамдарға және көшет отырғызып, мешітке үлес қосқан қарапайым мұсылмандарға әр істеріне Алла разы болсын дегіміз келеді.

Облыс имамы Қанат Қыдырмин жаңа мешіт ертең есігін айқара ашып, іші жамағатқа толы болатынына сенім білдіреді. Себебі, бұл мешітті барша жамағат асыға күтіп отыр. Қасиетті Көкше жерінде салынып жатқан мешітіміз ислам дінін таратып, халықты имандылыққа ұйытатын киелі ошақ болады деп сенеміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру