Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Банк қызметкерлерімен болған келелі кездесу

19.08.2014 3593 0 пікір

Тамыздың 18-күні Атырау қалалық «АТФ банкінің» бас ғимаратында, аталмыш мекеме қызметкерлерімен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында келелі кездесу өтті.

Оған «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев,  Ақпараттық талдау орталығының маманы Амангелді Уразов және «АТФ банкінің» қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында орталық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев асыл дініміз исламның экстремизмді айыптайтындығын ерекше атай келіп: «Құранда Алла Тағала: «Жазықсыз бір адамды өлтіру – бүкіл адамзатты өлтірумен тең», – деп айтқан. Олай болса, дін атын жамылып қоғамға түрлі жат әрекеттермен зиян тигізу дұрыс емес. Өйткені, ислам адамзат баласының бақытты, бейбіт, тыныштықта болуын қалайды. Сол үшін дәстүрлі емес ағымдардың әрекеттерінен барынша сақ болу керек», – дей келе өзіміздің ата-бабамыздан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дініміз жөнінде мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар, банк қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан расталған діни кітаптарды оқу жөнінде кеңес берді.

Шараның соңында «АТФ банкі» қызметкерлері тарапынан «Джиһад деген не?», «Мұсылман адамның келбеті», «Теріс діни ағымдарды қоршаған ортада қалай ажыратамыз?» деген өзекті сауалдарына да тиісті жауаптар берілді. 

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру