Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мақтаралда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

19.08.2014 3450 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұстанған төрт бағыты бойынша қайырымдылық шаралары өз жалғасын табуда.

Соның бір көрінісі, облысымыздың оңтүстігінде орналасқан Мырзашөл өңірі, Мақтарал аудандық «Өткелбай» мешітінің имамы Бекзат қажы Сыздықовтың ұйытқы болуымен «Мекетпке жол» атты қайырымдылық акциясы қолға алынып, мектеп жасындағы көмекке зәру 916 балаға қайырымдылық іс жасалды.         

Онда балаларға мектеп формасы, аяқ-киімі, спорттық киімдері және сөмкесі, дәптер, қаламы мен әр сыныпқа арналған оқу кітаптары қамтылды. Қайырымдылық көмектің әр балаға шаққандағы құны 18000 (он сегіз) мың теңге көлемінде болды. Ал оны жергілікті қолы ашық, жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты. 

Шара барысында аудан имамы Б.Сыздықов арнайы уағыз атып, балаларға ата-ананы құрметтеуді,  жақсы білім иесі болуды насихаттады.

Аталмыш қайырымдылық акциясы облыс көлемінде 18-30 тамыз аралығында жалғасын табатын болады.

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру