Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болашақ қарилар оқуға қабылданды

18.08.2014 3995 0 пікір

Шырайлы Шымкент қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұйытқы болуымен ашылған «Ықылыс» Қарилар дайындау орталығында  2014-2015 оқу жылына шәкірттер қабылдау болып өтті.

Оған арнайы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, емтихан барысымен танысты.

Емтиханды аталмыш орталықтың директоры Ықыласхан Майлан, медресенің ұстазы Камалжан қари Юлдашов, Алшер Мадумаровтар қабылдады.

Негізгі талап балалардың жаттау қабылеті мен сабақ үлгерімі назарға алынды.

Жалпы, «Ықылыс» Қарилар дайындау орталығына 46 талапкер құжат өткізіп, оның 23-сі  емтиханнан сүрінбей өтті.

Осы орайда, бұл орталықта шәкірттерге барлық жағдай жасалғанын айта кету керек.

Болашақ қариларға Алла жәрдемші болғай! 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру