ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы №211 орта мектепте «Дәстүрім – алтын бесігім» атты іс-шара болып өтті.
Аталмыш шараға 50-ге жуық қалалық мектеп мұғалімдері қатысып, дәстүр мен дін жайында тұшымды сұхбаттар тыңдап, дәстүрлі әндер тыңдады.
Қалалық білім бөлімі теолог-маман Байжанов Жасұлан, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Әбжанов Нұрлан және Қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы Ырысбай Базарбай сынды кісілер қатысты.
Әжелер ансамблі мен мәуліт мерекелерінде үнемі дәстүрлі әндер шырқап жүрген Әлмырза Ноғайбаев ағаларымыз үлкен үлесін қосты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.08.2014
3553
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру