Қайырымдылық ізгілік пен имандылықтың, мейірімділіктің іс жүзіндегі көрінісі екендігін ескере отырып, бүгін Алматы облысы Сарыбастау ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты мүшелері қайырымдылық іс-шара өткізді. Бұл іс-шарада тұрмысы төмен отбасылардан шыққан мектеп жасындағы 60 балаға мектепке қажет құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер таратылды. Іс-шараға Сарыбастау ауылының мектеп директоры, ауылдың бас имамы, ата-аналар және Алматы орталық мешітінің қызметкерлері қатысты.
Мектеп оқушыларына, білім жолындағы бүлдіршіндерге арналған қайырымдылық шаралары Алматы қаласында соңғы жылдары жиі өткізілуде. Ислам діні білімді қатты бағалайтындығы ақиқат. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ғылым үйрену әрбір мұсылманға парыз», - деп, әрбір мұсылман баласына білім ізденуді өсиет етті. Сол себепті, Алматы орталық мешітінің наиб имамы Сейдманов Оралхан жиылған қауымға «Ұстаздық пен білім жайлы, оның пайдалары мен игіліктері» туралы уағыз-насихат айтты. Қайырымдылық шараға қатысқан отбасылар да мешіт атынан жасалған бұл қамқорлыққа деген өздерінің жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.08.2014
3668
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру