Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Малайзияның Төтенше және өкілетті елшісі Елбасыға сенім грамотасын табыстады

14.08.2014 3747 0 пікір

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Хидайат Бин Абдул Хамидтен сенім грамотасын қабылдады. Кездесу кезіндде «Қазақстан мен Малайзияның өзара қатынастары қарқынды дамып келеді. Бұл ел Оңтүстік Шығыс Азияда ғана емес бүкіл мұсылман әлеміндегі сенімді саяси және сауда серіктесіміз», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы сонымен бірге өз сөзінде Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Разактың таяудағы Қазақстанға ресми сапары экономикикалық ынтымақтастықты кеңейтуге серпінін тигізген баса айтты.  Осы сапардың нәтижесінде құны  1 млрд. доллардан асатьн келісімшартқа қол қойылғанын да тілге тиет етті. «Біз ислам қаржы құралдарын жүйелі енгізу мен дамыту ісіндегі Малайзияның тәжірибесі мен көмегіне жүгінеміз», - деген президент Н.Назарбаев өзара ынтымақтастықтың дами түсетіндігіне сенім білдірді. 

E-islam.kz  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру