Мақсаты облыс тұрғындарына ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының негізгі қағидаларын түсіндіру. Конфессияаралық келісімді насихаттау саласында ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру, облыс тұрғындары арасында діни алауыздық пен экстремизмнің алдын-алу мен болдырмау болып табылады.
Алдымен облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аханов: облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының негізгі жұмыстарын айтып, болашақта істелетін жоспарлармен ой бөлісті. Одан кейін ҚМДб-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов: жаңа орталықтың қызметіне сәттілік тілеп, алдағы атқарылар істі қоян-қолтық жасауға қашанда дайын екенін жеткізіп, асыл дінімізді халықтың бойына ұялатып, салт-дәстүрімізбен айтсақ, елдің нұрлы өмір сүретіне сеніммін мол екенін айтты.
БАҚ өкілдері толғандырған мәселелерін айтып, жұртшылықты мазалаған сұрақтар қойылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Тыныштықұлы мен облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Жарас Аханов меморандумға қол қойылды. Шараға мешіттің имамдары, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ мамандары, медресе ұстаздары мен шәкірттері, БАҚ өкілдері қатысты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.08.2014
3246
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру