Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер медреседе білім алады

13.08.2014 3560 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО облысындағы «Орал» медресесіне 2014-2015 оқу жылына жаңадан шәкірт қабылдау емтиханы жүргізіліп өтті.  ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі  Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы және ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің қызметкері Сиқымбаев Жеңіс қатарлы арнайы комиссияның сараптауымен Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облыстарынан келген 18 талапкермен  жеке-жеке  сұхбаттасты. Сондай-ақ талапкерлердің  Қазақстан тарихымен қазақ тілі бойынша білімі өңіріміздегі  жоғары оқу орындарының білікті оқытушы-профессорларының қатысуымен арнайы тест бойынша тексерілді.

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы:  «Білім алу – адамды Алла Тағалаға жақындата түседі.   Елбасымыз биылғы жолдаған жолдауында асыл дінімізге көп көңіл бөлінуде. Қасиетті айда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Қазақстан қоғамы өзінің бай рухани мұрасын, өзара сыйластық пен келісімге негізделген іргесі берік қарым-қатынастарын орынды мақтан тұтады.

Барша қазақстандықтарды осы дәстүрлерді барынша нығайтып, жасампаз құндылықтарымызды әрдайым қастерлеуге шақырған болатын. ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінен түлеп ұшқан шәкірттер қазіргі уақытта көршілес облыстарда, аудандарда бас имам қызметін атқарып келеді. Медресені бітірген шәкірттер Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетінде білім жалғастыра алады. Медресенің алғашқы түлегі  Талғат Исқалиев  Орал медресесін «үздік» дипломға бітіріп, жоғарыда аталған оқу орын аяқтап, қазіргі уақытта Орал қалалық мешітінде найб имам қызметін атқаруда. Ел қамымен келешегін ойлайтын рухани бай жастарды тәрбиелеп діни мамандарды дайындап, облыс аумағындағы мешіттерді рухани орталық құру біздің мақсатымыз», – деді.

Алла Тағала білім арқылы адалдықтың ақ жолын табу ісінде табыстан-табыстарға жете беруді нәсіп етсін!

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру