ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша Ұлытау ауданында жергілікті ақсақалдар, мемлекет қызметкерлері және жастармен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Ұйымдастыруға ұйытқы болған аудандық ішкі саясат бөлімі және «Ақсауыт» мүгедектер қоғамы күнделікті қоғамның діни ілімін арттыру және жат ағымдардың теріс пиғылдарын халыққа түсінідіру мақсатында өткізді. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің наиб имамы Аққошқаров Айтжан Қапарұлы, дін маманы Акпаров Қондыбай қажы және ауыл имамдары қатысты. Жиналған жұртшылықққа Ислам дінінің бейбіт дін екендігі, ал теріс пиғылдағы ағымдардың асыл дінімізге күйе жағып жатқандығы жайында уағыз-насихат айтылды.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының биылғы 2014 жыл «Дін мен Дәстүр» жылы деп жарияланғандығы жайлы және салт-дәстүріміздің шариғатпен біте қайнасып жатқандығын айтып өтті. Кездесу барысында туындаған сұрақтарға дін мамандары егжей-тегжей түсіндіре отырып, толық жауап берілді.
ҚМДБ-ның Жезқазған
аймақтық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.08.2014
3326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру