Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұнай мекемелерінде уағыз насихат жұмыстары жүргізілді

13.08.2014 3106 0 пікір

Маңғыстау облыстық Дін істер басқармасының жанынан құрылған үгіт насихат тобы өңірдегі  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Бозашы Оперейтинг» LTD,  СП «Арман» мұнай мекемелерінде болып, «Дін және дәстүр» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізді. 

Насихат тобының мүшесі облыстық орталық мешіттің найб имамы Нұрболат Базарбай уағыз насихат шараларының бел ортасында болып, жиынға қатысушыларға ұлт бірлігінің негізі – дін мен дәстүр жайлы, жат ағымдардың зияны мен мазхаб ұстанудың маңыздылығы турасында түсіндірді.

Мұнай мекемелерінің қызметкерлері найб имамның уағызын тыңдап, өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.

Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру