Алғашқы рет ҚМДБ-ның БҚО облысындағы «Орал» медресесінің ұстаздары сараптау комиссиясы болып өтті.
Сараптау комиссиясының мүшелері ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы және ҚМДБ-ның Оқу-ағарту бөлімінің қызметкері Сиқымбаев Жеңіс қатысты.
Комиссияның сараптауында ұстаздармен жеке-жеке сұхбаттасып, сондай-ақ ұстаздарға қырағат, тәжуид, ислам тарихы, ақида, араб тілі, әкімшілік жүйе пәндерінен сұрақтар қойылып, ұстаздар өз білімдерін шыңдады.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен медресе ұстаздары, мешіттің жанынан ашылған сауат ашу курсында дәріс беріп жүрген ұстаздар жыл сайын сараптау комиссиясынан өтетіндігін жеткізді, облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.08.2014
3455
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру