Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық – жақсы қасиет

12.08.2014 4020 0 пікір

Қайырымдылық жасау – имандылықтың нышаны. Имандылықтың шартының өзі адал және әділ болуға, әлсізге, жоқ-жітікке, кемтарға қайырымдылық ету, ұрлық, қиянат сияқты кеселді қылықтарға жол бермеу болып саналады.  Хадис шәріптердің бірінде пайғамбарамыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар! Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын.  Ал, халық даналығы «Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің» немесе «Біреу, біреуге сүйеу» деп ақыл береді.

Жуырда облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті «Зекет қорымен» бірлесіп Алла ризашылығы үшін демеуші азаматтар арқылы әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына бір сиырдың етін бөліп үлестірді. Бұл шараға риза болған Нұржамал есімді көп балалы ана:

«Алланың бергенін  қанағат етіп отырған кірісі аз отбасылар біздер үшін біраз күнге «көжеге қатық етуге» жетерлік ет үлестіргендеріңіз қызылсырап отырған бала-шағаларымызға жасаған үлкен сауап болды», – деп ризашылығын білдірді.

Әлемді жоқтан бар еткен Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын және адамдардың асылы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлемдер болсын!

 

 Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру