Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектеп оқушыларына 1 миллион теңге жұмсалды

11.08.2014 3122 0 пікір

Халық арасында «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – деген тамаша тәмсіл бар. Қайырымдылықтың екі дүниеде де қайырымы мол. Қайырымдылық елдің арасындағы татулық пен ынтымақты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті оятады.

Биылғы жылы қайырымдылық істі жандандыру мақсатында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің  арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай аудан имамы Б.Қалдаров ел арасындағы жағдайы жоқ жандарға көмек көрсету мақсатында түрлі шараларға ұйытқы болып келеді. Соның бірі ретінде, Төлеби аудандық «Түрік мәдени орталығының» төрағасы Тайыров Мұхтазым ағаның 70 оқушыға 1 миллион теңге қаржылай көмек көрсетуін айтуға болады. Бұл қайырымдылық шара «Шаңырақ» тойханасында арнайы дастархан жайылып, кең көлемде өткізілді. Аудан имамы Б.Қалдаров қайырымдылық жасаудың дініміздегі орны, мәні мен маңызы жайлы ауқымды түрде түсіндіріп өтті. Жиынға қатысқан қонақтар да өздерінің жылы лебіздері мен алғыстарын жеткізді.

Оқушылардың алдағы оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын алуға көмек қолын созған ағаларына ризашылықтарын білдіріп, көңілдері бір көтеріліп қалды.     

ОҚО,Төлеби аудандық
«Нұр» мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру