Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

11.08.2014 3587 0 пікір

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры облыс көлемінде «Дін ұстай білсең - қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты жыр мүшәйрасын өткізді.

Мақсаты: «Қоғамда асыл дініміз исламға деген құрметті арттыру, Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлтымызыдың салт-дәстүрлерін дәріптеуді қалыптастыру, осындай игі мақсаттарды халқымыздың төл өнерлері арқылы жеткізу».

Аталған жыр мүшәйра БАҚ мен «shapagat-atyrau.kz», «centre-ato.kz», «islam-atyrau.kz» сайтарында жарнамаланып, облыс көлемінде 30-ға жуық ақындар мен жыраулардан тақырып аясында өлеңдер келіп түссе, қазылар алқасының шешімімен ақтық сынға 7 ақынның өлеңдері өтті. Оның ішінен Әнуарбек Садықов 1 орынды иеленіп, арнайы дипломмен 100 000 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, 2 орынды Серікбол Панабердиев диплом және 70 000 мың теңгені қанжығасына байлады. Әсел Таушанова 3 орынға табан тіреп диплом және 50 000 мың теңге алды. Ал, қалған 4 ақынға ынталандыру мақсатында диплом мен 10 000 мың теңгеден қаржылай сыйлықтар үлестірілді.

Шараның марапаттау рәсіміне арнайы келіп қатысқан Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Е.К.Шохаев: «Баршаларыңызға рахмет. Сіздерге яғни, ақындарға Алла Тағала қасиетті құранда арнайы «шұғара» ақындар атты сүре арнаған. Дін тақырыбы өте нәзік әрі күрделі, бұған қоғамның кез-келген мүшесі дұрыс жағынан өз үлесін қосуы қажет. Ал, сіздердің үлестеріңіз Алла берген өнерлеріңіз арқылы қаламдарыңыздан туындаған тура жолға шақыратын өлеңдеріңіз» - деп қортындылады.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру