Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобы өткен аптада оңтүстікте болды. «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, дінтанушы Сыздықов Рүстем Мәлікұлы, дінтанушы Ризабек Батталұлы бастаған топ, ҰҚК қызметкерлері, заң орындары, ұстаздар қауымы, медицина мамандары мен жастар арасында қазіргі діни ахуал жөнінде түрлі насихат айтып өтті. «Дін мен Дәстүр» тақырыбында өткізілген семинар кезінде, сан алуан сұрақтарға жауап беріліп, жастарымыздың теріс ағым ықпалына түсіп кетпеуіне жалпы қоғам болып жұмылу қажеттілігі сөз болды.
Сапар барысында қала мешіттерінің имамдарымен жиын өткізген дінтанушылар қазіргі қоғамда имамдардың мойнына артылар міндеттің ауырлығы мен маңыздылығы айтылды.
«Аллаһ тағала бізді осындай қасиетті де маңызды міндетке қойғаны үшін шүкір етейік. Бұл міндеттің сауабы мол болар, бірақ, міндеті де ауыр. Біз барлығымыз ақыретте Жаратушының алдында жауап береміз. Сондықтан әркім өз міндетіне адал болуы қажет», - деді дінтанушы Ризабек Батталұлы.
«Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы дінтанушы Рүстем Мәлікұлы бабаларымыздың Исламға сіңірген орасан зор еңбегін, әрі дұрыс жолда болғанын, шетелдік ғалымдардың да мойындағанын дәлелдеп өтті.
Сапар соңында бірнеше күн Шымқалада болған Ризабек Батталұлы жамағатқа уағыз айтып, ақида ғылымы бойынша бірқатар сабақтар өткізді.
Шымкент қалалық
А. Қаттани мешітінің
Баспасөз қызметінен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.08.2014
3956
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру