Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Музаммиль» мешітінде 252 шәкірт дәріс алды

08.08.2014 3800 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша мешіттер жанында мектеп жасындағы  балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы жұмыс жасап келеді.

Алматы қалалық «Музаммиль» мешітінің  «Сауат ашу курсында» 252 шәкірт (135-қыз; 117-ұл) діни сауатын ашты. Дәрісте Құран-Кәрім, мұғалім сани, Ислам тағылымдарына қатысты сабақтар өтті. Сонымен бірге, ата-ананы құрметтеу, Отанды сүю, мешіт әдебтері тақырыбында уағыздар айтылды.

«Сауат ашу курсында» дәріс алған шәкірттерге «Музаммиль» мешітінің Бас имамы Азбергенов Абдіқұл Қадырұлы алғысын айтып, мақтау қағаздарын табыс етті. Сонымен қатар мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартты.

Игі іс-шараға ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары, ата-аналар қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру