Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар жарты жылдық есебін берді

07.08.2014 3442 0 пікір

 

«Қызылжар» орталық мешітінде қала және аудан имамдары, жарты жылдық және өткен қасиетті Рамазан айындағы атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру жиналысы өтті. Жиын барысында, қала және аудан имамдары өздерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында, берілген тапсырмаларды бейнеролик және электронды нұсқа түрінде тапсырды.

Өңіріміздің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы имамдарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта кейбір кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, атқарған істеріне жеке баға берілетіндігін айтты. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасы бойынша аудандық, ауылдық жерлерде уағыз-насихат жұмыстарын жандандырып, жат ағымдардың алдын алуды, тұрмысы төмен отбасылардың мектеп жасындағы балаларына жаңа оқу жылына қарсы демеушілер арқылы қайырымдылық іс-шаралар өткізуді тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру