Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттердің бір күні

07.08.2014 3841 0 пікір

 

Талдықорған өңірі «Нұр» орталық мешітінің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсындағы балаларды ынталандыру мақсатында арнайы кеш өткізіліп, сертификаттар табыс етілді. Кешімізге барлық шәкірттердің ата-аналары қатысып, сауат ашу курсындағы «балалардың бір күні» атты бейне слайд шоу көрсетілді. Талдықорған өңірінің өкілі «Нұр» орталық мешітінің бас имамы Серікхан Рымханұлы ата-аналарға балаларын имандылық іліміне жібергендеріне өз ризашылығын білдіріп, балаларға жазғы сауат ашу курсына толығымен қатысқаны үшін сертификат және түрлі балаларға арналған діни кітаптарды өз қолымен табыс етті. Кешіміздің соңында ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, имамдармен ұстаздарға рахметтерін айтты.

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі

бойынша баспасөз қызыметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру