Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәууәл айындағы қайырымдылық

06.08.2014 3381 0 пікір

Ислам – мейірім мен бейбітшіліктің діні. Шариғат қағидаларын өмірлік ұстанымына айналдырған қазақ халқы көршісі аш отырып, түтін түтетпеген.

Баба дәстүрімен біте қайнасқан асыл дін құндылықтарын бұқараға жеткізу мақсатында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ел имамдарының қайырымдылық шараларына жіті назар аударып, мұқтаж жандардың мұңын тындап, көңілдеріне демеу болуға үндеген еді.

Осы орайда «Нұр Астана» орталық мешіті қасиетті ораза айында бірқатар орайлы істерді атқарып, шәууал айында да ізгі шараларды ұйымдастыруда.

Мешітке келіп, жанына жылу іздеген ана тумысынан ауыр сырқатпен (ДЦП) жарық дүние есігін Дінмұхаммед есімде 9 жасар ұлына Қытай елінде 3 ай ем қабылдап, сауығу мүмкіндігі бар екендігін айтып, жүрегі жылы жандардан көмек сұраған еді.

Бүгінгі бесін намазына жиылған елорда жұртшылығы мен мешіт қызметкерлері Дінмұхаммедтің еміне қажетті 210 000 теңгені жиып, сауапты істің нақ үлгісін көрсетті. Аталмыш қаражатты найб имам Нұрлан Бекболатұлы мешіт қызметкерлері және елордалықтар атынан баланың анасы Б.Айнажароваға табыстады. Өз кезегінде баланың анасы «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына, мешіт қызметкерлеріне, барша ел азаматтарына ризашылығын білдірді. 

Жайық НАҒЫМАШ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру