Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазыналы қариялар басқосты

06.08.2014 3460 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен орталық мешіттің «Ақсақалдар алқасы» мүшелері бас қосты.

Басқосуда орталық мешіттің Бас имамы Руслан Сұлтанов БҚО бойынша қасиетті Рамазан айында жасалған игі шараларды айтып, облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерде ауызашар беріліп, 20 мыңға жуық адам қамтылған, қайырымдылық көмектің берілгендігін, жетім балар үйіңе арнайы барғандығын, діни сауатты бар жастарымыз ауылдық мешітке тұрақтамай, қызметтен кетіп жатқандығын, жастардың тұрақты қызметке орнығуын, материалдық жағдайлардың жасалуын, Ақсақалдар дін мамандарымен бірге ауылға барып, ауылдың тұрғындарына асыл дінімізді айтып, жастарға имандылықты үйрету жайын тілге тиек етті.

Ақсақалдар алқасының мүшесі Ғұмар Құрақов сөз сөйлеп, өкіл имамның істеп жатқан қызметіне, Рамазан айының жоғары дейгейде аталып өткендігін, Ораза айт кезінде Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Мәншүк Мәметова атындағы алаңда ұлық мереке бізге қатты әсер берді. Қазақтың киіз үйі тігіліп, ақ дастахан жайылып, қала тұрғындары дәм татып, жас ұрпақтарымыз асық атып, бір-бірімен белдесіп, тоғызқомалақ ойнағандары баршамызды қуанты. Алла Тағала имандылық жолдарыңа толағай табыстар берсін, – деп ақ тілегін жеткізді.

ҚМДБ тарапынан шығарылған «Религия и традиции», «Дін мен Діл», «Садақа және Зекет», «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар», «Уважение к родителям» кітаптары берілді. Хикмет студиясы әзірлеген «Шешендік сөздер», «Ақ бата», «Ғибратнама», «Балаларға базарлық» үнтаспалары  сыйға берілді.

Нұрлан Қабыкеш, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру