Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тағы бір жаңа мешіт бой көтерді

06.08.2014 4262 0 пікір

ОҚО,Төлеби ауданы Қасқасу елдімекенінде күмбезі көкпен таласқан Алланың ұлық үйі  мешітіміз бой көтерді. Мешіт - имандылықтың, мейірімділіктің мекені. Сондықтан да, бұл бір ғана ауылдың қуанышы емес, бүкіл елдің қуанышы.

Мешітте бір мезетте 100 адамға дейін құлшылық ете алады. Мешіт жанынан арнайы имамға үй салынып барлық жағдай жасалған. Осындай игілікті іске Бараш Төлешова анамыз мұрындық болып отыр. Мешіттің атын Алланың ұлық есімдерінің бірі «аль-Бари» деп атағанды жөн санапты. Мешіттің ашылу салтанатына облыс имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, аудан имамы Берік Қалдаров, алыс-жақыннан келген қадірлі қонақтар арнайы қатысты.

Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері, ақсақалдар, ауыл халқы да қасиетті Алланың үйіндегі қуанышты сәтке ортақтасты. Әуелі сөз басын Құран оқумен облыс имамы Б Мырзагелдиев ашып, сөз сөйледі. Сосын кезегімен ел ағалары жылы лебіздерін білдірді. Ауыл халқы демеушіге тұлпар мінгізді. Жаңа мешіттің имамы Махмудов Жалалханға облыс имамы Б.Мырзагелдиев мешіт құжаттары мен Құран сыйға тартып, ісіне сәттілік тіледі.

Облыс имамы жиылған қауымға «Елдің бірлігі мен ынтымағы» жайында уағыз айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Ауыл халқы мен қонақтар Алланың үйі еліміздің иманды да инабатты жандардың көбеюіне үлесін қоса берсін, деген тілекпен тарқасты.

ОҚО,Төлеби аудандық
«Нұр» мешітінің
баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру