Маңғыстау облыстық мешітінде «Бабалар рухы, ұлттық тәрбие және имандылық» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Маңғыстау облысының Дін істер басқармасының «Отпан» мәдени кешені және облыстық мешітпен бірлесе отырып ұйымдастырған шараға облыс мешіттерінің имамдары, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Өкіл имам С.Сейтбеков дінді дұрыс ұстану, келешек ұрпаққа ата-баба мирасын жеткізу басты парыз екенін айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылар шырақ жағуға қатысты арнайы семинар немесе діни курстар өткізу жайында ұсыныстар тастады.
Сондай ақ, облыстық Дін істері Басқармасының өкілдері Маңғыстаудағы рухани құндылықтар сақталған Бекет ата мешіті, Шопан ата, т.б. халық зиярат ететін орындар жайында жарты сағаттық бейне роликтер дайындалып жатқанын жеткізді. Мақсат – дін мен дәстүрден тыс ойдан шығарылған нәрселерден халықты сақтандыру болмақ.
Ал, Шырақшылар одағының төрағасы Жамбыл Нұрбаев алдағы күндерде имамдармен бірлесе жұмыс істеу керектігін алға тартты. Аптасына не айына бір рет имамдардан тұратын насихат тобы арнайы зиярат ететін орындарда болып сол жерде зияратшылармен және шырақшылармен кездесіп уағыз насихат жүргізсе деген тілегін білдірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар пікірлері мен ұсыныстарын жеткізе отырып, келешек ұрпақтың алдында ұятқа қалмау үшін келелі істер істеп, дінге адал қызмет етіп, ұлтты имандылыққа ұйыту жолында бірлесе жұмыс жасаудың маңызды екеніне тоқталды.
Жиын соңында қатысушыларға облыстық мешіт тарапынан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» кітабы мен ҚМДБ тарапынан әзірленген «Сахабалар тарихы» дискісі таратылды.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.08.2014
4963
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру