Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам марапатталды

05.08.2014 3363 0 пікір

Орал қаласындағы  «Жігер» әскери-патриоттық лагерінің  жабылу салтанаты болып өтті.

Оған  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов Тыныштықұлы, облыстық білім басқармасы,  Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы,  Ауған соғысының ардагерлері, «Ауғанстан ардагерлерінің Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Олег Пимонов,  лагерьдің жас ұландары қатысты.

Алдымен облыстық  орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алды:
«Отанды сүю-иманнан» демекші, егемен елдің батыр да батыл азаматы болып өсу – біздің міндетіміз. Иманды жан болып, болашақта пайдасы тиетін атымтай жомарт болыңдар! – деп, ақ тілегін жеткізді.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Қараманов Серік Садуақасұлы сөз алып, жас ұландарға ақ жол тіледі.  Ауған соғысының ардагерлерінің ұсынысымен  Елбасымыз бен Бас мүфтидің берілген тапсырмаларын орындап,  жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін «Қазақстан патриоты» медалімен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлын марапаттады.
Жабылу салтанатында Республикалық, облыстық  байқаулардың дипломанттары әскер-патриоттық әндерден шашу шашып, жас ұландар  келген қонақтарға қуаныш сыйлады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ, 
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру