Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей аймағына қарасты қала, аудан имамдары бас қосты

05.08.2014 3052 0 пікір

Өткен қасиетті Рамазан айындағы атқарылған іс-шаралары турасында қала, аудан имамдары есеп берді. Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан келген тапсырмаларды дер кезінде, уақыт оздырмай орындауды тапсырды. Келген біршама тапсырмалардың орындалуын қадағалап, сол тұрғыда қалай орындалу керектігі туралы имамдарға бағыт-бағдар берді.

Қала және аудан имамдарының Рамазан айындағы істеген істерінің, есебін тыңдап, жұмыстарын тыңғылықты орындап отырғандарға ризашылық білдіріп, жұмыстары ақсап жатқан имамдарға сөгіс жариялап, алдағы уақытта кеткен кемшіліктің орнын толтыруға шақырды.

Жұмыс жүргізе алмай отырған имамдар, олқылықтан нәтиже шығармай жалғаса беретін болса, жұмысты жандандыру мақсатында орындары ауыстырылатынын айтты. Сөз соңында жиналған барша имамдарға жұмыстарына мұқият болуды тапсырып, сәттілік тіледі.

 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру