Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар заңгер мамандығын игерді

04.08.2014 4186 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы мен облыс әкімінің келісімі арқылы Павлодар облысындағы  инновациялық көп профильдік колледжін ауыл, аудан, қала, облыс  мешіті  имамдары мен қызметкерлерінен  75 адам  2012-2014 оқу жылдары екі жыл бойы сырттай оқып, «Құқықтану» мамандығын игеріп тәмамдады. Сонымен қатар, Павлодарлық имамдар іс қағаз жүргізу, іс қызмет барысында кездесетін әртүрлі жағдайларға орай мемлекеттік құқықтық актлерді сауатты да дұрыс қолданып, пайдалана  білетін білім иелері болды деп айта аламыз.

 «Имамдар түгелдей аталмыш мамандық бойынша берілетін дәрістерді толық тыңдап, жарты жылдық, жылдық сессияларда емтихандарды ойдағыдай тапсырған. Сонымен қатар олар оқу барысында курс жұмыстары, рефераттар  жазып, семинар сабақтарына белсене қатысып отырды. Сессияаралық тапсырмаларды да ойдағыдай орындап, сабақтан тыс оқылатын шығармалар мен кітаптар, мақалаларды оқып, қысқаша конспект жасап, аталмыш мамандыққа орай жүргізілген тәжірибелік сабақтар мен жұмыстарға да белсене қатысып келді»,- дейді оқытушылар.

Имамдарға мамандық игергені бойынша  мемелекеттік стандарттағы диплом табыс етілді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру