Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Игі іске бастама

04.08.2014 3805 0 пікір

Павлодар облысына қарасты Успен ауданында  «Успен мүгедектер қоғамы» атты қоғамдық ұйымның ашылу жиыны болып өтті.

Ұйымның ашылуына қатысты алғашқы жиынға облысымызда іс-сапармен жүрген ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің бастығы Ербол Сағиұлы Қосбағар, ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Нариман Исенов қатысып жақсы тілектерін білдірді.

Ербол Сағиұлы адамдардың бір-біріне қайырымыдылығы, жақсылық жасау туралы туралы асыл дініміздің үкімдері мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен мысал келтіре отырып жиналған қауымға қысқаша танымдық әңгімелер айтты.

Бұл игі шараға бастамашы болған қарындасымыз Сағатова Нағым Бейсенқызымен тілдескенімізде: "Ұйымның мақсаты аудандағы мүгедек азаматтардың әлеуметтік жағдайына  байланысты  мәселелерге атсалысып, олардың мүддесін қорғайтын, сонымен қатар олардың тұрмыстық, отбасылық және жеке басына қатысты мәселелерде  қолдау көрсетіп, мүгедек жандардың мүмкіндігне сай  жұмыс орнын ашу, оларды әртүрлі спортық және мәдени шараларға қамту қатарлы біршама келелі мақсаттарды алға қойып отырмыз. Осы мақсатттарды жүзеге асыру үшін қоғамдық қор аштық. Өңіріміздегі мемлекеттік және басқадай барлық ұйымдармен өз мақсатымыз тұрғысында бірлесіп жұмыстар жүргізуге әрқашан дайынбыз. Әзірше біздің бастамаға рухани тұрғыдан демеушілік жасап, аз да болса қол ұшын созған иманды азаматтарғы, соның ішінде облыстағы ҚМДБ-ның өкіл имамы Нариман Ермекұлына алғысымды айтамын" деді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру