Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешіті мен «Зекет» қорының өкілдігі Ораза айт мерекесі құрметіне «Имран» дәмханасында зағип жандарға арнап дастархан жайды.
Жиналғандар алдында облыс имамы Қанат Қыдырмин сөз сөйлеп, уағыз айтты. Ал, «Зекет» қорының өкілі Ерболат Шәріпов Ораза айттың тағылымы жайлы әңгіме қозғады. Дастархан басындағы емен-жарқын әңгіме үстінде зағип жандар да пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
Ислам діні қашанда қайырымдылықты басты орынға қояды. Әсіресе, жаны жабырқаған жандарға жұбаныш болып, қол ұшын беру сауапты істердің бірі. Жанары суалған жандар мешіттің бұл ізгілігіне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.08.2014
3379
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру