Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бөрлі жамағатымен жүздесті

03.08.2014 3197 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов  қасиетті жұма намазында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы мешіттің жамағаттарымен жүздесті.

Жұма уағызында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы ынтымақ, ауызбірлік, татулық жайында уағыз айтып, Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен істерге тоқталып, қалың жамағатқа кеңінен түсіндірді.

ҚМДБ-ның тарапынан келген атқарылатын игілікті істерді нақты уақытылы тапсыруды жеткізіп, жұмаға келген жамағаттар ұсыныс-пікірлерін айтып, бас имамға ризашылықтарын білдірді.

Жұма намазынан кейін облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов Бөрлі аудандық мешітінің қызметкерлерімен жиын өткізді.

 

Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру