Қасиетті Рамазан айы аяқталып, шәууал айының басталуына орай қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның өкіл имамы Нариман Ермекұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен жалғыз басты,мүгедек, көп балалы аналарға қайырымдылық көмек жасау акциясы жалғасын тапты. Осы шара бойынша қайырымды жандардың көмегімен жиналған қаражатты мешіт қызметшілері мен алқа мүшелері арнайы конвертке салып 5 отбасыға бөліп үлестіріліп берілді. Сонымен қатар ет, азық-түлік салынған пакеттер 5 отбасына таратылып берді.
Сондай-ақ «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен Рамазан айына орай ұйымдастырған «Барыңмен бөліс!» тақырыбында көмекке мұқтаж болған жандарға арнап адамдардың өздерінде басы артық болған киім-кешектерін мешітке тапсырып, қажет болған адамдарға үлестіру жұмысы да толығымен жүргізілді. Көп балалы, мұқтаж болған адамдар жиналған киім-кешектен қажетінше бөлісіп алысты.
Жалғызбасты аналардың атынан сөз сөйлеген Балтышева Зейнеп Өскенбайқызы мешіт тарапынан ұйымдастырылып жатқан бұл шара үшін қуанышты екенін, өзінің жалғызбасты, зағип, әрі бір үйде жалғыз өзі өмір сүріп жатқандығын айтса, басқа аналар да мешіт тарапынан әрдайым көмек алып тұратындығын жеткізді. Аналардың барлығы да өкіл имамға алғыстарын айтып, рахметтерін жеткізіп: «Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнап, адамдар бақытты өмір сүрер еді» десті.
Бұл игі шараға өз үлесін қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын! Жүректері мейірім мен қамқорлыққа толы иманды жандар көп болсын!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.08.2014
3660
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру