ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен 1-ші тамыз күні Атырау облысы, "Иманғали" орталық мешітіне Отызбаев Қайырбек Тоқтықбайұлы жаңадан наиб имам болып тағайындалды.
Отызбаев Қайырбек Тоқтықбайұлы 06.05.1981 жылы дүниеге келген. 2003 жылы Қызылорда қаласы, "Құддыс ишан" мешітінде ұстаздық қызметтен бастап, бүгінгі күнге дейін Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты ресми «ummet.kz» сайтының редакторы қызметін атқарып келген.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жаңа қызметке тағайындалған Қайырбек Тоқтықбайұлын асыл дініміз Исламды насихаттауда аянбай абыройлы қызмет етуіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жаңа қызметке білек сыбана кіріскен имам өзіне тапсырған дін аманатын сеніммен ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.08.2014
3498
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру