Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлты неміс қазақ келіні Ислам дінін қабылдады

02.08.2014 3722 0 пікір

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Гольцман Оксана есімді неміс қызы Ислам дінін қабылдап, ресми түрде мұсылман болды.

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде, Исламның құндылықтарын мойындап, ақиқат дінді қабылдағысы келген азаматшаға, мешітіміздің найб имамы Агитаев Әділ шәһада кәлимасын (куәлік сөзін) айтқызып, Ислам діні туралы мәлімет берді. Сондай - ақ, Оксана өзіне Әлина деген мұсылман есімін алды. 

Найб имам Оксананы мешітіміздегі қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсынан тұрақты қатысып, сабақ алуға шақырды. 

Мешіт тарапынан, Оксана мен оның анасына, орыс тілді аудармасы бар Құран Кәрім және ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының "Дін мен дәстүр" кітабы сыйға берілді.

sunna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру