Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

486 порносайт жабылды

01.08.2014 3654 0 пікір

Қазақстанның Интернет-қауымдастығының жетекшісі Шавқат Сабыровтың айтуынша, порнографиялық 486 сайт Есіл аудандық сотының 12 шешімімен жабылған. Заң бойынша мемлекеттік өкілетті орган аталған сайттарда порнография бар екені туралы талап арыз беріп, содан кейін оған соттың шешімі шыққанын алға тартқан Сабыров халық арасында 28 шілдеден бері қарай интернеттің қазақстандық сегментінде кейбір порносайттардың ашылмай жатқаны туралы сыбыстар тарағанын да айтып өтті. 

Өздеріңіз білетіндей, интернеттен әлдебір қажетіңізді іздей қалсаңыз, қажеттіңіздің маңайынан порножарнамалар легін көресіз. Ал бұл кез-келген жастағы азаматтың нәпсісіне қозғау салуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутаттар осынау үрдістің балалар мен жасөспірімдер санасына кері әсер ететінін айтып дабыл қаққан еді. Олар тарапынан балаларға қажетті тақырыптар айналасынан осынау сайттардың сілтемесін алып тастау, порносайттарды балаларға қолжетімсіз ету жолдарын қарастыру ұсынылған болатын. 500-ге жуық сайттың жабылуы - аталмыш мәселенің алдын алуға да ықпал етері сөзсіз. 

E-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру