Аллаға шүкір еліміз, жеріміз жылдан жылға көркейіп даму үстінде,сонымен қоса ата салтымыз дәстүріміз асыл дініміз қайта оралды Бұлда бір ата бабамыздың дұғаларының шарапаты болар, міне бүгінде Қасиетті ораза айт мейрамының үшінші күні Казталов ауданы, Жаңажол ауылының қақ ортасынан көк күмбезі көкпен таласқан Алланың ұлық үйі мешітіміз бой көтерді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) « Қай жерде болмасын Алланы ұлықтап оған ғана иман келтірсе, сол жерде Азан айтылса ол жерге Аллаһтың нұрымен рахымы түседі» деген.
Облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлының бастамасымен, жеке кәсіпкер, иман жүзді азамат Айдос Сарсенғалиевтің демеушілігімен Казталов ауданы, Жаңажол ауылында жаңа мешіт салынды.
Жаңа мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, елдің игі жайсаңдары, ауылдың жұртшылығы мен қонақтары, иман жүзді жастары қатысты.
Ашылу салтанатын Қасиетті Құран оқумен Есен Табылдиев бастады.
Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы: Барша жамағатты Ораза айтпен құттықтап, мешітке қасиетті құран кәрімді сыйлады.
Жиылған қауымға «Елдің бірлігі мен ынтамағы» жайында уағыз айтып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Одан кейін аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Мағазұлы ақ тілегін білдірді.
Алматы қаласынан арнайы келген Жакиев Тілепберген Алламжарұлына сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Ораза айтпен құттықтап, ҚМДБ-ның арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Жаңажол ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төреағасы Нағым Ризуанұлы мен Орал қаласынан келген қонағымыз Көшенов Өтегенге ақ баталарын беріп, елге жасаған жақсылықтарын сауаптан жазсын,-дұға жасады.
Қасиетті Рамазан айында игі істердің бастамасы болған Жаңажол халқының тұрғындарына Аллаһтың үйі осы мешіттің бой көтеруіне себепші болып игі істің басы қасында бірге атсалысып жүрген, жеке кәсіпкер, иман жүзді азамат, атымтай жомарт Cарсенғалиев Айдос Сатқанұлы сөз алып, Ораза айтпен құттықтап, туған жерге азаматтық борышымыз, ауылдың жастары имандылықпен сусындап, ата-анаға жақсылық жасайтын адал, инабатты ұрпақ болып өссіндер, деп ақ тілегін жеткізіп, Қасиетті құран-кәрім кітабын мешітке табыс етті.
Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Ахметжанұлы ақ тілегін айтса, Сарсенғали Бейсенғалиев жырдан шашу шашып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл –күй сыйлады.
Алла тағала күш қуаттарымызды арттырып, имандарымыздыды молайтып, Еліміз ислам дінімен өркендеп ұрпағымыз ата -бабасының салтын - дәстүрін, асыл дінін құрметтеген ата анасын сыйлайтын ұрпақ өсіп өнуін нәсіп еткей.
Мешіттің ашылу салтанатында күміс көмей әншілер ән айтып, ақындар жыр шумақтарын арнады. Жалпақтал мұсылмандар мешіті мен жергілікті ауыл әкімдігі мешіті салған Айдос Сарсенғалиевке алғыс хат пен ұлттық дәстүр бойынша иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Жаңажол ауылындағы жаңа мешітін ашылу лентасын ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Сұлтанов Руслан Тыныштықұлы мен Сарсенғалиев Айдос Сатқанұлы қиды.
Мешітке көмек қолын сазған азаматтарға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Құттықтау хатын табыс етті.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.08.2014
4301
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру