Жұма күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жесір аналарға қайрымдылық шарасы жасалды. Өкіл имам С.Сейтбеков тұрмысы төмен, көп балалы және жесір аналарға қаржылай көмек берді. Мешітке шақырылған аналарды өкіл имам қарсы алып, оларға арнайы дайындалған ақша салынған конверттерді тапсырды.
Бір топ жесір аналардың атынан сөз сөйлеген Айжарықова Күләнда апай мешіт тарапынан ұйымдастырылып жатқан бұл шара үшін қуанышты екенін, өзінің жалғыз басты болып, қарттар үйінде өмір сүріп жатқанын, облыстық мешіт тарапынан әрдайым көмек алып тұратындығын жеткізді. Аналардың барлығы өкіл имамға алғыстарын айтып, рахметтерін жеткізді.
Маңғыстау облыстық
орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.08.2014
3355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру