Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі имамдар мен теологтарды қабылдады

01.08.2014 3298 0 пікір

Ораза Айт мерекесінің алғашқы күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Атырау облысы әкімі Бақтықожа Салахатдинұлының қабылдауында болды. Облыс басшысының қабылдауында қала әкімі Нұрлыбек Ожаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Атырау облысы бойынша Дін істер басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев және бір топ теологтар қатысты.

Кездесуде Бақтықожа Салахатдинұлы облыс аумағындағы дін саласында атқарылып отырған істерге оң бағасын берді. Өз кезегінде өкіл имам ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Ораза Айт мерекесіне орай Құттықтау хатын табыстап, мұсылман қауымы ерекше тұтатын Ораза Айт мерекесімен жамағат атынан да құттықтады. 

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру